«Еңбек жолы» — Білім беру саласындағы Жергілікті кәсіподақтың бірегей жобасы — енді республикалық басылым беттерінде!

2025 жылы бұл жоба Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жүзеге асырылуда.
Оқырмандар Жергілікті кәсіподақ мүшелері — білім беру ұйымдарының техникалық және қызмет көрсету персоналының өмірі мен адал еңбегі туралы жүзге жуық очеркпен танысу мүмкіндігін алды.
Ең әсерлі оқиғалардың бірқатары 2025 жылғы 9 желтоқсанда шыққан «Білімді ел – Образованная страна» республикалық газетінің №46 санында, 7-бетте жарық көрді.










