ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
Ата-аналар мен балалар ППТК Жарғысы мен келісім шарттарын сақтауы керек.
Ата-аналар баланың түзету және дамыту сабақтарына қатысуына жауапты: баланың сабаққа дейін және одан кейін елді мекенде жүріп-тұру кезіндегі өмірін қорғауға.
Ата-анасы ҒАНА немесе уәкілетті адам баланы алып кетеді. 18 жасқа толмаған балалардың (ағалары, апалары және басқа туыстары) баланы сабақтан кейін ППТК алып кетуіне құқығы жоқ.Сабақтан кейін мекеме аумағында болуға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
Балаға белгіленген кесте бойынша сабаққа қатысу қажет. Балаңызды сабақтың басталуына 3-5 минут қалғанда әкеліңіз және сабақ аяқталғаннан кейін бірден алыңыз. Сабаққа үнемі қатысу – түзету және дамыту үдерісін дұрыс ұйымдастырудың қажетті шарты.
Сондай-ақ, балалардың үйде сабақта алған дағдыларын бекіту бойынша мұғалімдердің ұсыныстарын орындау қажет, тек ата-ана-бала-мұғалім біріккен жағдайда ғана табысқа жетуге болады!
Балаңызды ППТК-не ұқыпты түрде, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келетін таза киім мен аяқ киіммен әкеліңіз. Ауыспалы аяқ киім МІНДЕТТІ!
ППТК-не үшкір, тесетін, кесетін заттарды (қайшы, пышақтар, инелер, түйреуіштер, шегелер, оттықтар және т.б.) әкелуге ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ. Мұндай заттардың болуы сіздің балаңыз үшін ғана емес, сонымен қатар ППТК-не келетін басқа балалар үшін де қауіпті. Сондай-ақ тыйым салынады: алтын және күміс зергерлік бұйымдарды, кішкентай немесе қымбат ойыншықтарды, азық-түліктерді, дәрі-дәрмектерді және т.б. Сондықтан сабаққа шығар алдында балаңыздың қалтасын тексеріп алыңыз.
Баланың сабаққа келмейтіні туралы, баланың ауруы туралы, сабақтағы үзілістен кейін баланың ППТК-не келе бастағаны туралы бір күн бұрын ППТК-не хабарлау. Ауырған жағдайда амбулаторлық дәрігерден немесе медициналық мекемеден белгіленген нысандағы анықтаманың көшірмесін ұсыну.
