📚 Бүгін түзету кабинетімізде жылы да қуанышты кездесу өтті!

Бізге қонаққа «Золотой ключик» балабақшасының тәрбиеленушілері мен тәрбиешілері келді. Олар «Адал Азамат» бірыңғай бағдарламасы аясында және «Балалар кітапханасы» жобасына қатысу шеңберінде бізге тамаша балалар кітаптарын сыйға тартты!
Біз кішкентай қонақтарымызға және олардың тәрбиешілеріне шынайы алғысымызды білдіреміз! Бұл кітаптар біздің кітапханамыздан өз орнын тауып, балаларымыздың қуанышына айналары сөзсіз.
📖 Бірге оқимыз – бірге өсеміз!

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *