2024 жылдың 25 қыркүйегінде Қостанай қаласында «ППТК базасында ерте қолдау қызметінің ашылуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелді өткізу барысында «Дара» қоры туылғаннан бастап 3 жасқа дейіңгі балалары бар, дамуында бұзылу қаупі бар отбасыларға пилоттық режимде ерте қолдау жүйесін енгізіп жатқаны талқыланды. Жобаның мақсаты: тәуекел тобындағы балалары бар отбасыларды қолдау, баланың отбасында өмір сүру құқығын сақтау, мүгедектікті азайту.
Ерте қолдау қызметі бұл – 3 жасқа дейіңгі балалары бар отбасыларға пәнаралық маманнан ерте қолдау қызметін ала алатын психологиялық- педагогикалық қолдау кабинетінің құрылымындағы қызмет. Бұл маман баланың дамуындағы әртүрлі салаларды, атап айтқанда: танымдық, моторлы, коммуникациялық, өзін- өзі күту және әлеуметтік өзара әрекеттесу саласындағы дағдыларды қалай дамытатыны туралы біліиге ие.
«Мүмкіндіктер уақыты» жобасының стратегиялық мақсаты- отбасыларға ерте қолдау қызметінің қолжетімді болуы. Дара қорының ашқан ерте қолдау қызметі, ескерту жүйесін дамытуға және тәуекел тобындағы балалары бар отбасыларға уақытылы қөмек көрсету негіз болып отыр. Мамандар ата- аналарға баласын функционалды түрде дамытуға үйрету арқылы отбасыларға көмектеседі.




