Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету шарттарының бірі көрсетілетін қызметті берушінің өз міндеттемелерін орындауы болып табылады. Біздің ППТК бұған үлкен көңіл бөледі. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасына көңіліңіз толмаса, телефон арқылы хабарлауыңызды сұраймыз. 8(71430)29060
Көрсетілетін қызметті берушілер міндеті:
1) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге;
2) мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасауға;
3) көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынуға;
4) бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді қоспағанда, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде белгіленген мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жеткізуді қамтамасыз етуге;
5) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас жасау дағдыларына үйретуге;
6) көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарауға және оларды қарау нәтижелері туралы белгіленген мерзімде хабарлауға;
7) көрсетілетін қызметті алушыларға сұрау салу бойынша мемлекеттік қызметті көрсетудің орындалу сатысы туралы хабарлауға;
8) көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдауға;
9) ақпараттық жүйелердің үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;
10) мемлекеттік қызмет көрсету сатысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді;
11) мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алу;