Қазан
💐💐💐Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласының психологиялық- педагогикалық түзеу кабинеті» КММ-нің логопед-дефектолог мұғалімі Батырбекова Гулайым Жандильдиновна- Білім салансында 47 жылдан астам еңбек еткен ұстаз.
Бүгінгі мерекеге орай «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» КБ «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
Өскелең ұрпаққа білім беруді өзіне кәсіп қана емес, өмірлік мәні қылған ардақты да қадірлі жан. Бірнеше түлектерді қанат қақтырып, сапалы білім,саналы тәрбие берген — ұлағатты ұстаз.
Гулайым Жандильдиновна – қадірлі де аяулы асыл ана, сүйікті әже, отбасының тірегі.
Гулайым Жандильдиновна «Еңбек ардагері» медалін алуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл марапат- Сіздің көп жылғы адал еңбегіңіздің жоғары бағасының белгісі. Еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз. Сізге зор денсаулық, бақыт, ұзақ өмір, отбасыңыз бен жақындарыңызға жақсылық тілейміз. Жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын!


